Полиция Алматы қалалық сотының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған адамды іздестіруде

Опубликовано:

Тәртіп сақшысы қызметтік көлігінің жанында
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы полициясы Алматы қалалық сотының ғимаратына жарылғыш зат қойылғанын хабарлаған аты-жөні белгісіз адамды іздестіріп жатыр. Бұл туралы KAZ.NUR.KZ тілшісі қалалық полиция департаментіне сілтеме жасап хабарлайды.

Ведомствоның хабарлауынша, полицейлер Қазыбек би көшесінде орналасқан қалалық сот ғимаратындағы жедел-іздестіру шараларын аяқтаған.

"Ақпарат жалған болып шықты, қазіргі уақытта Экстремизмге қарсы күрес басқармасының қызметкерлері аты-жөні белгісіз тұлғаны анықтау және одан әрі жауапкершілікке тарту бойынша жедел шаралар қабылдауда", - дейді Алматы қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық сотының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскені туралы жазған едік.

Содан кейін сот ғимараты қоршауға алынып, оның қызметкерлері эвакуацияланған болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983236-policiya-almaty-qalalyq-sotynyn-gimaratyna-zarylgys-zat-qoiylganyn-xabarlagan-adamdy-izdestirude/