Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Желіде орыс тілінде оқытатын сыныптардың жабылатыны туралы жалған ақпарат тарады

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Желіде Қазақстанда орыс тілінде оқытатын сыныптар жабылады деген ақпарат пайда болды. Бұл мәлімет шындыққа жанаспайды, деп жазады Stopfake.kz.

Сайттың хабарлауынша, кейбір БАҚ пен әлеуметтік желілерде 6-7 жыл ішінде қазақстандық мектептерде орыс тілінде оқытатын сыныптардың жабылатыны туралы ақпарат таралуда.

Жазба авторлары 31 арна эфирінде көрсетілген видеоматериалға сүйенген.

"Қазақстанда орыс мектептерінің болашағы бар ма?" материалы екі жыл бұрын 31 арнада "Информбюро" эфирінде шыққан. Оған елордадағы №90 гимназияның директоры Аятжан Ахметжанұлының пікірі ұсынылған БАҚ-тағы ақпарат негіз болған. Сюжетте орта білім беру саласындағы үрдістер талқыланды.

Сондай-ақ орыс тілді мектептердегі оқушылар санының азаюы сөз болды. Гимназия директоры қалған оқушылар болашақта бәсекеге қабілетсіз болып қалуы мүмкін деген пікірін білдіріп, ата-аналарды мемлекеттік тілді меңгеру үшін балаларды қазақ мектептеріне беруге шақырды.

Сонымен қатар сюжетте білім сарапшыларының қазақ лигасының вице-президенті Наталья Дрейттің де пікірі ұсынылды. Ол орыс және қазақ мектептері толық және мәселе мұғалімдердің жетіспеушілігінде, ал бұл жағдайды педагогтердің мәртебесі туралы заң өзгертуі тиіс деп мәлімдеді. Бүгінде бұл материал пабликтерде әдейі бұрмаланып жариялануда", – деп түсіндірген Stopfake.kz-ке аталмыш ақпаратты 31 арна өкілдері.

Оқу-ағарту министрлігі де орыс тілінде оқытатын сыныптардың жабылу туралы ақпаратқа қатысты пікір білдірді.

"Бұл ақпарат шындыққа жанаспайды. Қазақ сыныптарында да, орыс тілінде оқытатын сыныптарда да орыс тілі бұрынғыдай оқытылады, басқа жоспар жоқ", – дейді Оқу-ағарту бірінші вице-министрі Шолпан Каринова.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983250-zelide-orys-tilinde-oqytatyn-synyptardyn-zabylatyny-turaly-zalgan-aqparat-tarady/

pixel