Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысы экс-әкімінің жүргізушісіне берілген пәтер мемлекетке қайтарылды

Опубликовано:

кілт
Көрнекі фото: Pixabay.com

Талдықорғанда заңсыз берілген баспаналар мемлекет меншігіне қайтарылуда. Оның ішінде Алматы облысының бұрынғы әкімінің жүргізушісі алған пәтер де бар, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі қала әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Биыл наурыз айында Талдықорған қаласының әкімі Әсет Масабаевтың бастамасымен соңғы 8 жылда әкімдік тарапынан берілген тұрғын үйлерді түгендеу бойынша мониторинг жүргізілген.

"Жұмыс тобы көптеген заң бұзушылықпен берілген 1066 пәтерді анықтады. Бүгінгі таңда 37 пәтер мемлекет меншігіне қайтарылды, оның 11-і тұрғын үй комиссиясының шешімімен халықтың әлеуметтік осал топтарына берілді", - дейді Талдықорған қаласы әкімінің баспасөз хатшысы Мәди Шәкенов.

Сондай-ақ тұрғын үй қоры Алматы облысының бұрынғы әкімінің жүргізушісіне берілген пәтерді мемлекет меншігіне қайтарған.

"Жаңа сегізінші ықшамауданның №7 "А" ғимаратында орналасқан бір бөлмелі пәтер облыс әкімінің жүргізушісіне қызметтік қажеттіліктері үшін берілген. Ол өз еркімен баспана кілтін қайтарып берді", - дейді қала әкімдігінің баспасөз хатшысы.

Ведомство Талдықорған қаласы әкімінің тұрғын үй мәселесіне басымдық беретінін және осы ретте ол тұрғын үй комиссиясының жұмысын жеке бақылайтынын атап өтті.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983258-almaty-oblysy-eks-akiminin-zurgizusisine-berilgen-pater-memleketke-qaitaryldy/

pixel