Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Өскеменде 500-ден астам адам іздеген 11 жасар бала аман-есен табылды (фото, видео)

Опубликовано:

ШҚО-да 11 жасар баланың табылған сәті
ШҚО-да 11 жасар баланың табылған сәті. Фото: Ішкі істер министрлігі

Өскеменде 14 тамыз, жексенбіге қараған түні жоғалып кеткен 11 жасар бала аман-есен табылды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі өзінің ресми Telegram-арнасында хабарлады.

"ШҚО-да бала табылды. Бала аман-есен. Оны ЖҚАЖ қызметкері тапты", – делінген ІІМ хабарламасында.

ШҚО облыстық полиция департаментінің мәліметінше, жеткіншек Өскемендегі титан-магний комбинаты көпірінің маңындағы шұңқырдан табылған.

"Қазіргі уақытта оған медициналық көмек көрсетілуде, содан кейін баланы ата-анасына табыстаймыз", – деп хабардар етті полициядан.

Сондай-ақ полицейлер баланы тауып алған кездегі кадрларымен бөлісті.

ШҚО-да табылған бала
Фото: ІІМ

Естеріңізге сала кетейік, 11 жасар жасөспірім 14 тамызға қараған түні Өскемендегі үйінен шығып кетіп, қайта оралмаған еді.

Бірнеше сағаттан кейін жеткіншектің туыстары оның жоғалып кеткені туралы полицияға хабарлаған. Тәртіп сақшылары 11 жастағы Темірланды іздеуге кіріскен.

Іздеу жұмыстарына полиция қызметкерлерін, Ұлттық ұланның әскери қызметшілерін, құтқарушыларды, кинологтар мен еріктілерді қосқанда барлығы 500-ден астам адам қатысты.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983267-sqo-da-500-den-astam-adam-izdegen-11-zasar-bala-aman-esen-tabyldy-foto-video/

pixel