Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Вагонсервис" Алматы филиалының басшысы қамауға алынды

Опубликовано:

кісен
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Вагонсервис" акционерлік қоғамы Алматы филиалының басшысы екі айға қамауға алынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Алматы қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметіне сілтеме жасап.

Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мамандары Алматы көлік прокуратурасының үйлестіруімен "Вагонсервис" акционерлік қоғамы Алматы филиалының басшысын ұстады.

"Тергеу барысында көрсетілген ұйымның басшысы жабдықтау бөлімінің бастығымен алдын ала сөз байласып, бірқатар кәсіпкерлерді адастырып, олардан "Вагонсервис" акционерлік қоғамына тиесілі есептен шығарылған вагондарды жеткізгені үшін ("Самұрық – Қазына" АҚ-ның 100% қатысу үлесі) қомақты қаражат алғандығы анықталды", - деп хабарлады ведомство өкілдері.

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызметтің мәліметінше, кәсіпкерлерге келтірілген шығынның жалпы сомасы бүгінде 200 млн теңгеден асқан.

Сот "Вагонсервис" акционерлік қоғамы филиалының басшысына қатысты 2 айға "күзетпен ұстау" түріндегі бұлтартпау шарасын санкциялады.

Өзге ақпарат тергеу мүддесіне орай жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983287-vagonservis-almaty-filialynyn-bassysy-aqsa-zymqyrdy-degen-kudikpen-qamauga-alyndy/

pixel