Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ішкі істер министрі жоғалып кеткен 11 жасар баланы тапқан полицейді марапаттады

Опубликовано:

тәртіп сақшысы
Көрнекі фото: NUR.KZ/ Владимир Третьяков

Ішкі істер министрі жоғалып кеткен баланы тапқан полицей Тілек Ерлібековты марапаттады, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ішкі істер министрі Марат Ахметжанов кәмелетке толмаған Тамирлан Ахмеджановты іздеуге қатысқандардың еңбегін жоғары бағалап, алғысын білдірді.

"Әр минут санаулы болатын. Бала табылған шұңқырдың тереңдігі үш метрді құрады. Түнгі уақытта температураның төмендігін ескеретін болсақ, оқиға қайғылы аяқталуы мүмкін еді. Қазіргі уақытта іздеу операциясы аяқталды. Іздеуге 400-ден астам полиция қызметкері жұмылдырылды. Шығыс Қазақстан облысы полиция департаментінің арнайы жасағының қызметкері Тілек Ерлібековтың қырағылығының арқасында бала аман-сау табылды", - деді ол.

Министр полицейді “Қоғамдық тәртіпті қамтамасыз етуге қосқан үлесі үшін "ведомстволық медалімен" марапаттады.

Еске сала кетейік, бүгін 14 тамыз, жексенбіге қараған түні жоғалып кеткен 11 жасар бала аман-есен табылды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983290-iski-ister-ministri-zogalyp-ketken-11-zasar-balany-tapqan-policeidi-marapattady/

pixel