Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда кей отбасылар 30 қыркүйекке дейін мектеп формасын тегін ала алады

Опубликовано:

оқушы
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

"Жалпыға міндетті оқу" қоры аясында белгілі бір санатқа жатпайтын балалар меценаттар мен демеушілердің көмегіне жүгіне алады. Республикалық "Мектепке жол" акциясы 1 тамызда басталып, 30 қыркүйекте аяқталады, деп хабарлайды Алматы қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Қалалық әкімдік мәліметінше, қазіргі таңда демеушілер 4,5 мыңнан астам мектеп формасы мен мыңдаған оқу құралы бар рюкзак сатып алып қойған.

"Бұл көмекті алу үшін баланың оқитын мектебіне өтініш беру керек. Балаларға көмектесуге ниетті қаланың барлық тұрғыны аудандық білім бөлімдеріне жүгіне алады", - делінген хабарламада.

Алматы әкімдігі бұл акция туралы ақпаратты төмендегі нөмірлер бойынша 9:00-ден 18:00-ге дейін білуге болатынын мәлім етті:

  • Алатау ауданы бойынша: 87006131198;
  • Алмалы ауданы бойынша: 87470448553;
  • Әуезов ауданы бойынша: 87025395397;
  • Бостандық ауданы бойынша: 87772806650;
  • Жетісу ауданы бойынша: 87472940554;
  • Медеу ауданы бойынша: 87759194000;
  • Наурызбай ауданы бойынша: 87089359498;
  • Түрксіб ауданы бойынша: 87479013814.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983388-mektepke-zol-akciyasy-ayasynda-kei-almatylyq-otbasylar-mektep-formasyn-tegin-ala-alady/

pixel