Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Елордада Арнайы халыққа қызмет көрсету орталығының қызметкерлері ұсталды (видео)

Опубликовано:

ер адам
Видеодан кадр: Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет

Нұр-Сұлтан қаласы бойынша Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл қызметі Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтарының қызметкерлері мен тәртіп сақшыларын мемлекеттік тіркеуден өткен көлік құралдарын тіркеу кезінде заңсыз баюдың қылмыстық схемасын әшкерелеп, жолын кесті, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі агенттіктің Телеграм-каналына сілтеме жасап.

Агенттік мәліметінше, тергеу барысында Нұр-Сұлтан қаласының №2 Арнаулы халыққа қызмет көрсету орталығының маманы және Алматы облысы бойынша ПД Процессинг орталығының мемлекеттік автоинспекторының заңсыз әрекеттерге қатысы бар екені анықталған.

Аталған тұлғалар жүйелі негізде көлік құралдарын, оның ішінде шетелден әкелінген көлік құралдарын кәдеге жарату төлемін және бюджетке көзделген басқа да төлемдерді төлемей, жүйелі түрде ақшалай сыйақыға заңсыз тіркеген.

Ағымдағы жылдың 14 тамызында тергеу сотының санкциясымен күдіктілер қамауға алынды.

"Тергеудің осы кезеңінде республика бойынша көлік құралдарын заңсыз тіркеудің 500-ге жуық фактісі анықталып, осыған байланысты Арнайы халыққа қызмет көрсету орталықтары қызметкерлерінің және басқа өңірлерден полиция қызметкерлерінің қатысуы тексерілуде. Сотқа дейінгі тергеп-тексеру қорытындысы бойынша барлық қатысы бар тұлғаларға құқықтық баға беріледі", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, тергеу мүддесін көздейтін басқа ақпарат жария етілмейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983394-elordada-arnaiy-xalyqqa-qyzmet-korsetu-ortalygynyn-qyzmetkerleri-ustaldy-video/

pixel