Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Синоптиктер: қазақстандықтар үшін биылғы күз жылы және құрғақ болады

Опубликовано:

Биылғы күз жылы әрі құрғақ болады
Көрнекі фото: Pexels.com

Қазгидромет РМК синоптиктері 2022 жылдың күзіне арналған маусымдық ауа райы болжамын ұсынды. Олар қазақстандықтар үшін биылғы күз жылы әрі құрғақ болатынына сендірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ ауа райы қызметіне сілтеме жасай отырып.

Күз мезгіліне арналған консультативтік маусымдық ауа райы болжамына сәйкес, қыркүйек және қазан айларында Қазақстанның басым бөлігінде ауа температурасы нормадан 1-2 градусқа жоғары болады.

Қараша бүкіл елде жылы болмақ, тек Батыс Қазақстан, Атырау облыстарында, Солтүстік Қазақстан облысының басым бөлігінде, Ақтөбе, Қостанай облыстарының солтүстік-батысында, сондай-ақ Павлодар облысының солтүстік жартысында ғана нормаға жуық температура күтіледі.

Қыркүйек пен қазан айларында еліміздің басым бөлігінде жауын-шашын мөлшері нормадан аз түседі, яғни құрғақ ауа райы басым болады дейді мамандар. Қараша айында көптеген облыстарда жаңбыр жауады, бірақ жауын-шашын климаттық нормаға сай болады деп болжануда.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983405-sinoptikter-qazaqstandyqtar-usin-biylgy-kuz-zyly-zane-qurgaq-bolady/

pixel