"Мина қойылған": Талдықорғанда жалған ақпарат беріп, полицейлерді дүрліктірген ер адам ұсталды (фото)

Опубликовано:

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: Ішкі істер министрлігі

Талдықорғанды облыстық полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарының біріне жарлығыш зат қойылғанын айтып, жалған ақпарат берген ер адам ұсталды. Бұл туралы Ішкі істер министрлігі ресми Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, бүгін, 16 тамызда сағат 18-30 шамасында Талдықорғанды облыстық полиция департаментінің әкімшілік ғимараттарының біріне мина қойылғаны туралы қоңырау келіп түскен.

Ғимараттан дереу жеке құрам қауіпсіз жерге шығарылып, оқиға орнына саперлар, кинологтар және басқа да мамандар шақырылған. Олар ғимаратты толық тексеріп шыққан. Алайда ақпарат расталмаған.

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: Ішкі істер министрлігі

Сондай-ақ жалған ақпарат беріп, қоңырау шалған адам да анықталған. Ол 1978 жылы туған жергілікті тұрғын болып шыққан. Ер адам мас күйде болған. Тұрғын ұсталып, қалалық полицияға жеткізілген.

Аталмыш факті бойынша тергеу басталды.

Оқиға орнынан фото
Оқиға орнынан фото: Ішкі істер министрлігі

Еске сала кетейік, бұған дейін Алматы қалалық сотының ғимаратына жарылғыш зат қойылғаны туралы анонимді хабарлама келіп түскені туралы жазған едік.

Содан кейін сот ғимараты қоршауға алынып, оның қызметкерлері эвакуацияланған болатын.

Алайда тексеріс барысында бұл ақпарат расталмады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983463-mina-qoiylgan-taldyqorganda-zalgan-aqparat-berip-policeilerdi-durliktirgen-er-adam-ustaldy-foto/