Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматыда 52 жастағы ер адам сауда орталықтарында бірнеше ұрлық жасады деген күдікке ілінді

Опубликовано:

жас жігіт
Көрнекі фото: pixabay.com

Полицейлер 52 жастағы ер адамды ұстады. Ол Алматыдағы сауда және ойын-сауық орталықтарының сатушыларын тонады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.

Күдіктіні оңтүстік астананың Медеу ауданының тәртіп сақшылары ұстады. Құқық қорғау органдарының мәліметінше, бұл азамат қаладағы СОО-да бірнеше ұрлық жасаған болуы мүмкін.

Медеу аудандық полиция басқармасының бастығы Дәурен Өтебаев жағдайға қатысты толық мәлімет берді.

"Нақтырақ айтсақ, айыпталушы ірі сауда және ойын-сауық орталықтарында орналасқан дүкендерді таңдаған. Сатушылар келушілерге қызмет көрсетуден қолы босамай жатқан нүктелерге әдейі кіреді. Оның әрекеттерін ешкім байқамайтынына сенімді болған соң, ол сатушылардың мүлкін: яғни ұялы телефондар немесе басқа да құнды заттарды жасырын түрде ұрлаған", – деді ол ұрлық туралы.

Полицияның мәліметінше, қазіргі уақытта күдіктінің екі эпизодқа қатысы бары анықталды.

Ол бұрын бірнеше рет осыған ұқсас қылмыстар үшін сотталған.

"Аталған адамның қылмыстық әрекеттерінен зардап шеккен азаматтардан келесі телефон нөмірлері бойынша хабарласуды сұраймыз: 254-48-02; 254-48-10; 8-702-476-6660", – деді Өтебаев.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983482-almatyda-52-zastagy-er-adam-sauda-ortalyqtarynda-birnese-urlyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/

pixel