Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қарағандыда мешітте ұрлық жасаған азаматтың әрекеті видеоға түсіп қалды (видео)

Опубликовано:

күдікті
Видеодан кадр: Polisia.kz

Қарағандыда мешіттен бірнеше ұрлық жасаған күдікті ұсталды, деп хабарлайды Polisia.kz.

5 тамыз күні Қарағанды қалалық полиция басқармасына қарасты Жаңа-Майқұдық полиция бөліміне 20 жастағы жергілікті тұрғын қоңырау шалған.

Ол белгісіз біреу мешітте ұялы телефонын ұрлап кеткенін жеткізген. Ер адамның сөзінше, шығын сомасы 150 мың теңге.

Аталған факті бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабына сәйкес ("Ұрлық") іс қозғалды.

Тәртіп сақшылары бейнебақылау қарау барысында қылмыс жасап, оқиға орнынан ізін суытқан күдіктіні анықтағанын хабарлады.

10 тамыз күні криминалдық полиция қызметкерлерімен жүргізілген кешенді іс-шаралар барысында 22 жастағы жергілікті тұрғын ұсталды. Ол қылмысын мойындап отыр.

Сонымен қатар, тәртіп сақшылары оның бұған ұқсас екі ұрлыққа қатысы бар екенін анықтады.

Қазіргі уақытта күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалып, тергеу амалдары жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983529-mesitte-urlyq-zasagan-qaragandylyqtyn-areketi-videoga-tusip-qaldy-video/

pixel