Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық келіншек ҰҚК-дағы қызмет үшін 4 млн теңге төлеген

Опубликовано:

жемқорлық11
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Түркістан қаласының тұрғыны танысы қызын ҰҚК-ға жұмысқа тұрғызамын деп 4 миллион теңге ақшасын алып, уәдесін орындамағанын айтып арызданған. Алаяқтық жасаған күдікті анықталды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі Түркістан облысы ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствода Түркістан полиция басқармасына жергілікті тұрғын жүгінгенін айтты.

Ол өз қызын Ұлттық қауіпсіздік комитетіне жұмысқа орналастыруға уәде берген танысының 4 млн теңге иемденгенін хабарлады.

Арызданушы әйел екі жыл бойы не уәде етілген жұмыс жоқ, не қайтқан ақша жоқ деп шағымданған.

Аталған факті Қылмыстық кодекстің 190-бабы (Алаяқтық) бойынша тіркелді.

Тәртіп сақшылары күдіктінінің кім екенін анықтады. Ол жұмыссыз жергілікті тұрғын болып шықты. Ер адамның жеке қажеттіліктері үшін ақша алғаны белгілі болды.

Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары оқиғаның барлық мән-жайын анықтап жатыр. Тергеу жүргізілуде.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983554-qazaqstandyq-kelinsek-uqk-degi-qyzmet-usin-4-million-tenge-tolegen/

pixel