Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтанда брендтік иіс су ұрлады деген күдікпен 55 жастағы әйел ұсталды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Елорда полициясы брендтік иіс су ұрлады деген күдікпен 55 жастағы әйелді ұстады. Ұрлық орын алған сәт сауда залына қойылған бейнебақылау камерасына түсіп қалған, деп хабарлайды қалалық полиция департаменті Instagram парақшасында.

Нұр-Сұлтан қаласы ПД баспасөз қызметі хабарлауынша, тергеу барысында күдікті Қабанбай батыр даңғылындағы сауда-ойын сауық орталығындағы бутиктердің бірінен белгілі брендтің иіс суын ұрлаған.

Ұрлық орын алған сәт сауда залындағы бейнебақылау камерасына түсіп қалған.

"Бейнетаспада әйел адам сөреде тұрған парфюмді жасырын қол дорбасына салып, еш кедергісіз бутиктен шығып кеткені көрініп тұр. Келтірілген материалдық шығын көлемі 78 500 теңгені құрайды", - делінген хабарламада.

Полиция аталған фактіге байланысты "ұрлық" бабы бойынша соталды тергеу амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

"Ұсталған азаматша өз кінәсін мойындады, заттай дәлелдемелер алынды, оның елорда аумағында бұрын жасалған осыған ұқсас қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексерілуде", - дейді қалалық полиция департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983608-nur-sultanda-brendtik-iis-su-urlady-degen-kudikpen-55-zastagy-aiel-ustaldy/

pixel