Алдағы тәуліктерде шығыста жаңбыр жауып, солтүстікте үсік жүруі мүмкін
Опубликовано:

"Қазгидромет" РМК өкілдері 18-20 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Синоптиктердің болжамынша, алдағы күндері еліміздің батыс, солтүстік, шығыс өңірлеріне атмосфералық фронттар әсер етеді.
Салдарынан 19-20 тамызда Қазақстанның шығысында қатты жаңбыр және бұршақ жаууы мүмкін.
Ал республиканың қалған бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы сақталады.
Сонымен қатар Қазақстанның солтүстік жартысында түнде 2 градус үсік жүруі ықтимал.
Одан бөлек алдағы тәуліктерде ел аумағында ауа температурасының төмендеуі күтіледі.
- батыста түнде +18+26-дан +12+23°С-қа дейін, күндіз +30+38-ден +27+35°С-қа дейін,
- оңтүстікте түнде +13+20-дан 10+17°С-қа дейін, күндіз +28+33-тен +22+28°С-қа дейін,
- оңтүстік-шығыста +12+18-ден 8+15°С-қа дейін, күндіз +25+30-дан +18+23°С-қа дейін,
- солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста және орталықта түнде +2+10-нан күндіз +13+18°С-қа дейін.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983611-aldagy-taulikterde-sygysta-zanbyr-zauyp-soltustikte-usik-zurui-mumkin/