Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қатты ыстық, найзағай, жаңбыр: бүгін ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

жаңбыр
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

"Қазгидромет" РМК 18 тамыз, бейсенбіге арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, бүгін ауқымды Солтүстік батыс антициклон әсерінен Қазақстанның басым бөлігінде жауын-шашынсыз ауа райы, сонымен қатар температуралық фонның ақырындап төмендеуі күтіледі.

Фронталды бөліктерге байланысты республикамыздың солтүстігінде, шығысында, орталығында жаңбыр жауып, найзағай ойнайды.

Республика бойынша кей жерлерде жел күшейіп, еліміздің солтүстігінде, солтүстік-батысында, шығысында түнгі сағаттарда тұман күтіледі.

Түнде республиканың солтүстігінде, шығысында топырақ бетінде 2 градусқа дейін үсік жүруі мүмкін.

Сондай-ақ күндіз Маңғыстау облысының басым бөлігінде, Батыс Қазақстан облысының оңтүстігінде, Атырау облысының шығысында қатты ыстық күтіледі.

Одан бөлек Қызылорда облысының оңтүстігінде, Түркістан облысының шығысында, Атырау облысының батысында, Батыс Қазақстан, Маңғыстау, Жетісу облыстарының оңтүстігінде, Алматы облысының шығысында, Жамбыл облысының оңтүстігінде, батысында, Абай облысының Бесқарағай ауданында өрт қаупі сақталады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983668-qatty-ystyq-naizagai-zanbyr-bugin-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel