Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Онымен танысқым келді": Алматылық аруға шабуыл жасаған ер адам мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді (видео)

Опубликовано:

Фото
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Алматыда 28 жастағы бойжеткенге шабуыл жасаған ер адам ұсталды. Ол мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірді, деп хабарлайды polisia.kz Telegram-дағы ресми арнасында.

Порталдың мәліметінше, ұсталған ер адам Алматы облысының 1986 жылы туған тұрғыны.

Ол Медеу ауданындағы бау-бақша серіктестігінің аумағында бойжеткенді себепсіз ұрып-соқты деген күдікке ілінген. Ер адам уақытша ұстау изоляторына қамалған.

Қазіргі уақытта бұл фактіге қатысты Қылмыстық кодекстің 293-бабы ("Бұзақылық") бойынша тергеу жүргізілуде.

Сонымен қатар құзырлы орган ер адамның мұндай қадамға не үшін барғанын түсіндірген видеосын жариялады.

Күдіктінің сөзінше, ол қызбен танысқысы келген және шабуыл жасау ниеті болмаған.

Еске сала кетейік, бұған дейін алматылық ару өзіне белгісіз ер адамның шабуыл жасап, қашып кеткенін хабарлаған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983699-almatyda-28-zastagy-boizetkenge-sabuyl-zasagan-er-adam-ustaldy/

pixel