Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да жол апатынан екі адам қаза тауып, жеті адам ауруханаға түсті

Опубликовано:

Жол көлік оқиғасы
Оқиға орнынан фото: Мой город

Сәрсенбі, 17 тамызда БҚО-дағы тасжолда екі адамның өмірін қиған жол апаты тіркелді, деп хабарлайды "Мой город" басылымы.

Басылым мәліметінше, жол апаты сағат 14:20-да "Казталовка - Жалпақтал - Чапай" тасжолында болған.

Белгілі болғандай 23 жастағы жүргізуші тізгіндеген Lada Priora көлігі Lada Vesta жеңіл көлігімен соқтығысқан.

Салдарынан оқиға орнында Lada Vesta көлігінің 72 жастағы жолаушысы қаза тапқан. Сонымен қатар 48 жастағы ер адам ауруханада көз жұмған. Тағы жеті адам ауруханаға жеткізілген.

Еске сала кетейік, бұған дейін Ақтөбе облысында жол апатынан 4 адам қаза тапқанын хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983730-bqo-da-zol-apatynan-eki-adam-qaza-tauyp-zeti-adam-zardap-sekti/

pixel