Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Дүкенде 6 жасар өгей қызын ұрды": Алматы облысының тұрғыны мас күйдегі ер адамның әрекетіне ашуланды

Опубликовано:

Алкоголь
Көрнекі фото: pixabay.com

Әлеуметтік желіде Алматы облысы Іле ауданының тұрғыны дүкенде жағымсыз жайттың куәсі болғанын жазды. Автордың сөзінше, мас күйдегі ер адам дүкен кассасында 6 жасар өгей қызына қол көтерген, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Оқиға туралы жазба Instagram-дағы gress_big_family парақшасында пайда болды. Тұрғынның айтуынша, дүкен кассасында мас күйдегі ер адам мен 6 жасар қыз тұрған. Бір мезетте ер адам алған тауарына төлейтін ақшасы жетпей қалғаны үшін кішкентай қызға қол көтерген.

"Ер адам тұрмыстық химия бөліміне кеткен кезде мен қыздан үйде оның қаншалықты жиі ұрып-соғатынын сұрадым, бұл сұрақтан қыз қатты қорқып кетті. Ер адам оның өгей әкесі екенін айтты, бірақ оның түріне қарап, атасы дерсіз.

Үйіне азық-түлік салынған дорбаны сүйреп бара жатқан кішкентай қыздың анасы құдай берген баласы бұлай қор болып жүргенін біле ме екен?", - дейді ашынған тұрғын.

Жазба авторының сөзінше, дүкенде қызға қол көтерген ер адам ішімдікке мас күйде болғандықтан және өзі де бала ертіп жүргендіктен, онымен сөйлеспеуді ұйғарған.

Оқиғаның куәгері Алматы облысы Іле ауданының полиция бөлімінен бұл жайтты тексеруді сұраған. Артынша жазбаға ведомство пікір білдірді.

"Аудандық бөлімнің ювеналды полиция инспекторлары бұл фактіні тексеру жұмыстарын бастады", - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983782-dukende-6-zasar-ogei-qyzyn-urdy-almaty-oblysynyn-turgyny-mas-kuidegi-er-adamnyn-areketine-asulandy/

pixel