Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тамыз айында ШҚО-да алғашқы қар жауды (фото)

Опубликовано:

ШҚО, Риддер
ШҚО. Фото: Алексей Наконечный

Әлеуметтік желіде Шығыс Қазақстан облысындағы теңіз деңгейінен 1860 метр биіктікте орналасқан Проходной Белок жотасында түсірілген суреттер пайда болды. Одан тауға алғашқы қардың жауғанын байқауға болады. Ауа-райының құбылысы туралы "Қазгидромет" филиалы пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Риддер маңына қар жауды. Қалаға жақын жерде Шығыс Қазақстанға танымал спорттық-туристік база орналасқан.

"Қазгидромет" РМК Шығыс Қазақстан облысы бойынша филиалы жауған қардың жергілікті климат жағдайында таңғаларлық жағдай емес екенін айтқан.

"Қар теңіз деңгейінен 2000 метрге жуық биіктікте жауды. Бұл тау, климаттық белдеуге тән құбылыс. Ондағы температураның жазық жерлерге қарағанда айырмашылығы бар. Онда күн жиі бұлттанады, температура төмен болады. Осының бәрі жауын-шашынның түсуіне әсер етеді. Риддердің өзінде және біздің метеорологиялық базамызда қар жауған жоқ. Біз ол туралы сұрап, нақтыладық. Бірақ жақын арада қар Проходный Белоктан төменірек аумаққа түсуі мүмкін", - деп түсіндірді синоптиктер.

Ал Шығыс Қазақстан облысының Төтенше жағдайлар департаменті дауылды ескерту жариялады. Құтқарушылардың мәліметінше, 19 тамызда таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, көктайғақ) күтіледі. Түнде облыстың солтүстік-шығысында және шығысында температура 2 градусқа дейін түсіп, үсік жүруі мүмкін.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983793-tamyz-aiynda-sqo-da-algasqy-qar-zaudy-foto/

pixel