Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ақмола облысындағы алтын кенішінен ер адамның денесі табылды

Опубликовано:

Ақмола облысындағы алтын кенішінен ер адамның денесі табылды
Оқиға болған жер. Фото: Ақмола облысы Полиция департаменті

Солтүстік Қазақстан облысы Бестөбе ауылындағы шахта аумағында ер адам қаза тапты. Қазір ақмолалық полицейлер оқиғаның мән-жайын анықтап жатыр. Бұл туралы облыстық ПД баспасөз қызметі мәлімдеді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Ақмола облысы ПД хабарлағандай, 17 тамыз күні Степногорск тәртіп сақшыларына СҚО Айыртау ауданының 23 жастағы тұрғыны Бестөбе ауылындағы "Западная" шахтасының аумағында қайтыс болғаны туралы хабарлама түскен.

Алдын ала анықталғандай, жас жігіт шахтаға заңсыз кірмек болған кезде ауыр дене жарақатын алған.

Аталған факті бойынша құқық қорғаушылар Қылмыстық кодекстің 269-1-бабының 3-бөлігі "Күзетілетін нысанға заңсыз кіру" бойынша сотқа дейінгі іс қозғады.

"Қылмыстық істі тергеу аясында сот-медициналық сараптама тағайындалды", – деп толықтырды ведомстводан.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983822-aqmola-oblysyndagy-altyn-kenisinen-er-adamnyn-denesi-tabyldy/

pixel