Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Атырауда бірнеше пәтерге жарқанаттар кіріп кетті (фото)

Опубликовано:

Құтқарушылар пәтерлерге кірген жарқанаттарды ұстады
Фото: Атырау облысы ТЖД

Атырау қаласындағы бірнеше пәтерге жарқанаттар кіріп кетті. Тұрғындар оларды үйден шығару үшін құтқарушыларды шақырған. Бұл туралы Атырау облыстық ТЖД өз Instagram парақшасында жазды.

Ведомствоның мәліметінше, оқиға 17 тамыз күні түнде Сәтбаев көшесіндегі көпқабатты екі үйде болған. Пәтер тұрғындары құтқарушыларға қоңырау шалып, үйлеріне жарқанаттар кіріп кеткенін, өздері оларды пәтерден шығара алмайтынын айтқан.

Тұрғындарға көмек көрсету үшін Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары шұғыл аттанды. Көрсетілген екі мекенжайға келген соң олар жарқанаттарды ұстап алып, еркіндікке жіберген.

"Тамыз айында жаңа туған жарқанаттар өздеріне қоныс іздейді. Сол себепті, осы кезде тәжірибесіз жарқанаттар терезесі ашық тұрған пәтерлерге абайсызда кіріп кетуі мүмкін. Қорықпаңыз. Жарқанатты ұстауға тырыспаңыз. Ең қарапайым нәрсе – бөлменің есігін жауып, барлық терезені ашып, біраз күтіңіз”, – деп атап өтті Жедел-құтқару жасағының құтқарушылары.

Атырау облыстық ТЖД жазда жануарларға көмек көрсету жағдайларының көбейгенін де айтты. Бұған дейін құтқарушылар иттерді, сиырларды, жылқыларды, мысықтарды шұңқырлардан құтқарып, жыланды ұстап алған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983828-atyrauda-birnese-paterge-zarqanattar-kirip-ketti-foto/

pixel