Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты Ресейде ұстады

Опубликовано:

Қылмыскер
Көрнекі фото: Mario Tama/Getty Images

ШҚО жедел уәкілдері іздеуде жүрген азаматты Ресейде ұстады, деп хабарлайды Polisia.kz.

Басылымның хабарлауынша, 2019 жылдың маусым айында Риддер қаласы ПБ қызметкерлері зираттардың темір қоршауларын ұрлап, қылмыстық жолмен алынған заттарды металл қабылдау пункттеріне тапсырумен айналысқан 34 жастағы жергілікті тұрғынды ұстаған.

Сот аталған азаматты Қылмыстық кодекстің 188-бабы 3-бөлігі бойынша соттайды. Бірақ жазаны қоғамнан оқшаулаусыз өтеуге мүмкіндік беріп, сот үкімімен оған 2 жыл 6 ай мерзімге бас бостандығын шектеу жазасы тағайындалады.

"Алайда сотталған өзіне жүктелген міндеттерді бұза бастаған. Риддер қаласы пробация қызметінің бақылауынан жасырынған.

Одан кейін 2020 жылы пробация қызметінің қызметкерлері іздестіру жариялау үшін сотқа құжаттар жолдап, жедел-іздестіру іс-шараларының нәтижесінде ШҚО ПД криминалдық полиция қызметкерлері ер адамның РФ-да жасырынған жерін анықтады. Қазіргі уақытта экстрадициялау мәселесі шешілуде", – делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983833-sqo-zedel-uakilderi-izdeude-zurgen-azamatty-reseide-ustady/

pixel