Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Дәрігерлер футбол ойнап жүріп темірге басымен соғылған 10 жасар балаға күрделі ота жасады

Опубликовано:

Ота1
Көрнекі фото: NUR.KZ

Көкшетаулық дәрігерлер Щучье қаласынан жеткізілген 10 жасар баланың өмірін аман алып қалды. Футбол ойнап жүрген бала қоршаудың шығып тұрған теміріне басымен соғылған, деп хабарлайды КТК арнасы.

Маңдайымен құлаған бала сол жерде ілініп тұрып қалған. Оны ажыратып алу үшін темірді кесуге тура келіпті. Металдың қалған бөлігі 10-12 см бас сүйегіне түйрелген күйі баланың оң көзіне тұрып қалған. Осы күйінде жедел жәрдем оны Көкшетауға жеткізіпті.

10 жасар балаға жасалған ота сәтті өтіп, дәрігерлер маңдайға қадалған темірді алып шыққан. Медицина мамандарының сөзінше, қазір ол жансақтау бөлімінде жатыр, есін жиған.

"Ота да, балаға көрсетілген алғашқы медициналық көмек те аса жоғары кәсіби деңгейде өтті. Щучье қаласынан осындай жағдайда жеткізген жедел жәрдем мамандары да барлық сақтықты ұстанған.

Ең бастысы, бас сүйегінен темірді алғанда баланың аса маңызды органдарына, яғни ми қабатына, жүйке талшықтарына мүлдем зақым келген жоқ, көз ұяшығы да аман", - дейді Ақмола облысы денсаулық сақтау басқармасының басшысы Нариман Сыздықов.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983882-futbol-oinap-zurip-temirge-basymen-sogylgan-10-zasar-balaga-darigerler-kurdeli-ota-zasady/

pixel