Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Тараз қаласында көлік ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті қолға түсті

Опубликовано:

Көлік1
Көрнекі фото: piqsels.com

Тараз қаласында көлік ұрлауды кәсіпке айналдырған күдікті қолға түсті. Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр, деп хабарлайды "Астана" телеарнасы.

Белгілі болғандай, 102 жедел басқару орталығына Тараз қаласының тұрғынынан хабарлама түскен. Оның сөзінше, аулада тұрған ВАЗ маркалы жеңіл көлігі жоғалып кеткен.

Полиция қызметкерлері жедел іздестіру жұмыстарының нәтижесінде Байзақ ауданының 33 жастағы тұрғынын қолға түсірді. Оның Ресей мемлекеттік тіркеуінде тұрған көліктерді түнгі уақытта ұрлаумен айналысатыны анықталды.

Тәртіп сақшыларының дерегінше, күдікті бұған дейін 13 көлік ұрлап, басқа өңірлерге төмен бағада сатып, нөмірлерін дәретханаға тастаған болуы мүмкін. Қазір күдіктінің басқа  сыбайластарының бар-жоғы анықталып жатыр.

"Аталған тұлғаға қатысты Қылмыстық кодекстің 200-бабы 1-тармағы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде. Күдікті толығымен өз кінәсін мойындап, уақытша ұстау изоляторына қамауға алынды.

Құрметті облыс тұрғындары, ұрлықтын алдын алу мақсатында сақтық шараларын сақтауды сұраймыз", - деді Тараз қалалық полиция басқармасының басшысы Асылхан Зәуірбеков.

Автор: Б. Жұмабайұлы

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983891-taraz-qalasynda-kolik-urlaudy-kasipke-ainaldyrgan-kudikti-qolga-tusti/

pixel