Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Түркістандық жас жігіт қант үшін қылмысқа барды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

Қант
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Түркістан облысында дүкеннен жалған түбіртекпен қант алып шыққан жігіт істі болып жатыр, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна ұсынған ақпаратқа сәйкес, Ордабасы ауданының тұрғыны танысының дүкенінен 10 қап қант алған. Ал оны көлігіне тиеген соң сатушыға жалған түбіртек көрсетіп, кетіп қалған.

Ал алданып қалғанын кейінірек білген сауда орнының қожайындары полицияға арызданып, дүкендегі бейнебақылау камерасы арқылы күдіктіні тапқан.

Қазіргі уақытта тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

"10 қап шекерді түгел сатып жіберіп, ақшасын бас пайдасына жаратқан. Аталған оқиға бойынша Қылмыстық кодекстің 190-бабы, яғни "Алаяқтық" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Оқиғаның толық мән-жайы тергеуде анықталады", - деді Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз хатшысы Гүлнәр Әбдіжаппарова.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983895-turkistandyq-zas-zigit-qant-usin-qylmysqa-bardy-degen-kudikke-ilindi/

pixel