Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Талдықорғанда көпқабатты үйдің терезесінен құлаған екі жасар бала аман қалды (видео)

Опубликовано:

терезе
Көрнекі фото: pixabay.com

Талдықорғанда екі жасар бала үшінші қабаттағы пәтердің терезесінен құлап кетті. Абырой болғанда, бала аман қалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Оқиға Қаратал шағын ауданында болған.

18 тамыз күні кешкі уақытта екі жасар бала үшінші қабаттың терезесінен құлап кеткен.

Баланың ересектердің қарауынсыз қалғаны анықталды.

Тәртіп сақшыларының сөзінше, анасы кішкентайын үлкен балаларына қалдырып, үйден шығып кеткен.

Абырой болғанда, бала аман қалды.

“Шақырту бойынша келген дәрігерлер зардап шеккен баланы облыстық балалар ауруханасына жеткізді. Қазір оны тексеріп жатыр. Дәрігерлер балаға көмек көрсетуде. Оның анасы да сонда”, – деді Жетісу облыстық полиция департаменті ЖПҚБ бастығының орынбасары Қайсар Мұхметов.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983903-taldyqorganda-kopqabatty-uidin-terezesinen-qulagan-eki-zasar-bala-aman-qaldy-video/

pixel