Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстан шекарасынан есірткі алып өтпек болған шетел азаматы ұсталды

Опубликовано:

Қазақстан Ұлттық қауіпсіздік комитеті Қырғызстанмен шекарадағы жағдай туралы айтты
Көрнекі фото: piqsels.com

Түркістан облысы Сарыағаш аудандық полиция бөлімінің қызметкерлері "Жібек жолы" бақылап-өткізу бекетінен есірткі алып өтпек болған Өзбекстан Республикасының азаматын ұстады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі ұсынған ақпаратқа сәйкес, шекарада Клементина атты ит күдіктіні көрген бойда белгі берген.

Оқиға бойынша бірден тексеру жұмыстарын жүргізген тәртіп сақшылары оның шалбарының оң жақ қалтасынан полиэтилен пакетке салынған есірткіге ұқсас затты тапты.

Тәртіп сақшылары табылған айғақты затты тәркілеп алып, аталған жайтты Қылмыстық кодекстің 286-бабы 1-бөлігі "Айналыстан алып қойылған заттардың немесе айналысы шектелген заттардың контрабандасы" бойынша тіркеуге алған.

Сараптама тағайындалды.

"Зерттеу қорытындысы шетел азаматынан алынған заттың "гашиш" есірткісі екенін анықтады. Қазіргі кезде күдікті қамауға алынды, сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде" - делінген хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983940-qazaqstan-sekarasynan-esirtki-alyp-otpek-bolgan-setel-azamaty-ustaldy/

pixel