Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодар облысында ауыл тұрғынының үйінен 1 200 бөтелке алкоголь тәркіленді

Опубликовано:

ішімдік
Көрнекі фото: moopalo.com

Павлодар облысында Май ауданы тұрғынының үйінен ірі көлемдегі алкоголь өнімі тәркіленді. Ол лицензиясы болмағанына қарамастан, ішімдікті ауылдастарына сатып жіберген, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Бұл ақпаратты Павлодар облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі растап отыр.

Ведомство мәліметінше, 13 тамыз күні сағат 11.30 шамасында Май ауданы Жаңа Ақшиман ауылында әйел адам лицензиясыз өз үйінде алкоголь өнімін сатқан.

Тексеру барысында "Парламент" маркалы 77 қорап темекі мен 1200-ден астам алкоголь өнімі тәркіленді: "Volk", "Статус", "Қызылжар", "Неводка", " Родная степь" - 334 бөтелке, 0,5 литрлік пластмасса ыдыстағы атауы жоқ арақ – 400 бөтелке, "Қазақстан" коньягі – 6 бөтелке, "Fresh Mug" сырасы – 500 бөтелке".

Заң талаптарын бұзғаны үшін 44 жастағы ауыл тұрғынына қатысты Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодекстің баптары бойынша әкімшілік материалдар әзірленді: 200 (Қазақстан Республикасының алкоголь өнімін сату туралы заңнамасының талаптарын бұзу), 282 (Қазақстан Республикасының этил спирті мен алкоголь өнімінің өндірісін және айналымын мемлекеттік реттеу туралы заңнамасын бұзу) және 463 (Кәсіпкерлік немесе өзге де қызметпен, сол сияқты әрекеттерді (операцияларды) тіркеусіз, рұқсатсыз жүзеге асыру).

Аталған заңбұзушылықтары үшін ауыл тұрғыны 15 АЕК (45 945 теңге) көлемінде айыппұл төлейді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983942-pavlodar-oblysynda-auyl-turgynynyn-uiinen-1-200-botelke-alkogol-tarkilendi/

pixel