Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Астаналық келіншек көріпкелге бір жылда 60 миллион теңге берген

Опубликовано:

Бір жылда көріпкелге 60 миллион берген
Көрнекі фото: Pexels.com

Елорда тұрғыны бір жыл бойы көріпкелге барып, жалпы сомасы 60 миллион теңгесін беріп қойған. Бүгінде еліміздегі әлеуметтік желілер тарологтар, экстрасенстер мен көріпкелдердің ұсыныстарына толы, деп хабарлайды "Астана" телеарнасына сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

Журналистер Қазақстанға жалған көріпкелдердің әрекетіне тыйым салатын заң керек деп есептейді.

Кейбіреулер TikTok арқылы тікелей эфирде, басқалары мессенджерлерде хат жазысу арқылы бал ашуды ұсынады. Алгоритм қарапайым: адамдар картаға ақша аударып, сұрақ қояды. Бірақ қарабайыр жауап алады.

Ал психологтар жеке уайымы үлкен, іштей үрейі бар адамдар көріпкелдердің көмегіне жүгінетінін айтты. Көріпкелдерге бару арқылы олар күйзелістен арылғандай болады, "болжамдарды" тыңдағаннан кейін шабыттанып шығады. Адам белгісіз нәрседен қорқады, сол қорқынышын басу үшін тарологқа жүгінеді дейді мамандар.

"Бағдарламалау сәті бар – бұл бір. Екіншіден, адам жай ғана жақсы нәрселерді естігісі келетін сәт бар, сондықтан ол көріпкелге барады. Немесе адамның жеке мотивациясы, қандай да бір мақсатқа жету үшін ішкі күш-қуаты жетпеген кезде ол көріпкелден "міне, сен қаласаң, бәрі орындалады" дегенді есту үшін барады. Сосын ол сондай сеніммен жүреді, өзі қалаған бағытта жұмыс істеуге тырысады", – дейді психолог Динара Ибрагимова.

Алайда "тылсым күштердің" көмегімен тұрмысын жақсартуға тырысқан қазақстандықтардың ақшасыз қалып жататыны тағы рас. Сондай жағдай елордалық тұрғынның басынан өтті, ол бір жыл бойы сондай көріпкелдің сеанстарына барып жүріп, оған қалай жалпы сомасы 60 млн теңге бергенін білмей қалған.

"Жәбірленуші көріпкелге жүгінеді, ал көріпкел өзіне және оның отбасына дуа жасалғанын, оны жою керектігін айтады. Осылайша ол бір жыл бойы әйелден ақша алған", – деп растады Сарыарқа аудандық қылмыстық істер басқармасының тергеу бөлімінің басшысы Талғат Жолдасов.

Бір қызығы, елорда көшелерінде журналистер жүргізген сауалнама барысында астаналықтардың көбі көріпкелдер мен экстрасенстерге сенбейтінін, оларға жүгінбейтінін айтқан. Олардың дені мұны істеді деген адамдарды жауапқа тартудың қажеті жоқ деген пікірде.

"Аңқау адамдар бар және көріпкелдер бар, бұлар бірін-бірі тауып алады", "Әркім өзі үшін жауап беруі керек, оларды ешкім мәжбүрлемейді. Оларға жай ғана ұсыныс айтады, жауап беретін өздері", – деп бөлісті астаналықтар.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983945-astanalyq-kelinsek-koripkelge-bir-zylda-60-million-tenge-bergen/

pixel