Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Мамандандырылған ХҚКО-дағы операция: ІІМ желіде тараған видеоға қатысты пікір білдірді

Опубликовано:

Жүгіріп бара жатқан арнайы жасақ өкілдері
Оқиға орны: Желіде тараған видеодан кадр

Желіде әкімшілік ғимаратқа қарай жүгіріп бара жатқан полицейлер мен арнайы жасақ өкілдерінің видеосы тарады. Видео Ақтөбедегі мамандандырылған Халыққа қызмет көрсету орталығында түсірілгені айтылған. Аталған видеоға қатысты ІІМ ресми Telegram-каналында пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Видео Telegram-каналдардың бірінде жарияланған.

"Видео авторы бұл кеше Ақтөбедегі мамандандырылған ХҚКО-да түске таман болды дейді. Әлдебіреу қоқыс жәшігінің маңына түкіріп кеткен сияқты", - делінген видео сипаттамасында.

Желіде тараған видеоға қатысты ІІМ ресми жауап берді. Ведомствоның мәліметінше, жүргізуші куәліктерін заңсыз берген қылмыстық топ ұсталған.

"Ақтөбе облысы полиция департаменті көлік құралдарын басқару үшін жүргізуші куәліктерін беру бойынша халыққа заңсыз қызмет көрсеткен ұйымдасқан қылмыстық топтың жолын кесті.

Тінту іс-шараларын жүргізу барысында топтың әрбір қатысушысының қылмыстық рөлін растайтын заттай дәлелдемелер алынды. Аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды", - делінген ресми хабарламада.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983988-aqtobedegi-mamandandyrylgan-xqko-dagy-askerilerdin-zugirip-bara-zatqan-videosyna-iim-pikir-bildirdi/

pixel