Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Үсік, жаңбыр, найзағай": демалыс күндері ел аумағында ауа райы қандай болады

Опубликовано:

гүл
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 20-22 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде еліміздің басым бөлігінде ауа райы құбылмалы болады.

Кей жерлерде жаңбыр жауып, найзағай ойнауы мүмкін. Республиканың солтүстік жартысы мен шығысында күн тұманды болып, түнгі уақытта топырақ бетінде 2 градус үсік жүруі мүмкін.

Ал еліміздің батысында жауын-шашынсыз ауа райы сақталады. Бұл аймақтарда ауа температурасының аздап жоғарылауы күтіледі.

Одан бөлек алдағы күндері:

  • батыста түнде +12 +22 градустан +15+25 градусқа дейін, күндіз +27+35 градустан +30+38 градусқа дейін;
  • солтүстікте, солтүстік-батыста, шығыста, орталықта түнде +1+10 градустан, күндіз +13+23 градусқа дейін;
  • оңтүстікте түнде +8+18 градустан, күндіз +20+28, +23+30 градусқа дейін;
  • оңтүстік-шығыста түнде +5+13 градустан күндіз +17+25-тен +13+23°С-қа дейін ауа температурасының ауытқуы күтіледі.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1983989-usik-zanbyr-naizagai-demalys-kunderi-el-aumagynda-aua-raiy-qandai-bolady/

pixel