Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Щучинскте футбол алаңында бала ауыр жарақат алды: аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалды

Опубликовано:

Доп1
Көрнекі фото: piqsels.com

Щучинск қаласындағы футбол алаңында кәмелетке толмаған баланың басынан жарақат алу фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Ведомство мәліметінше, оқиға 17 тамызда Щучинск қаласында орналасқан футбол алаңдарының бірінде болған.

Кешкі сағат 17:00 шамасында жергілікті полиция бөліміне 9 жасар бала қоршаудан шығып тұрған темірден жарақат алғаны туралы хабарлама келіп түскен.

"Аталған фактіге қатысты құқық қорғау органдары Қылмыстық кодекстің 278-бабы 1-бөлігі (Сапасыз құрылыс) бойынша сотқа дейінгі тергеуді бастады. Тергеу аясында аталған балалар алаңының құрылысшысы анықталды, сондай-ақ нысан "Бурабай ауданының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық және тұрғын үй инспекциясы бөлімі" ММ балансында тұрғандығы белгілі болды. Қазіргі уақытта бірқатар сот-сараптамалары тағайындалды, тергеу жалғасуда", - делінген хабарламада.

Айта кетейік, бұған дейін басынан жарақат алған баланың жағдайы туралы дәрігерлер айтқан еді.

Олардың сөзінше, ота сәтті өткен, қазір жасөпірім жансақтау бөлімінде жатыр, есін жиған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984009-shhucinskte-futbol-alanynda-zasospirim-auyr-zaraqat-aldy-atalgan-fakti-boiynsa-qylmystyq-is-qozgaldy/

pixel