Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Пәтердің терезесінде тұрған": елордалық өрт сөндірушілер жасөспірімді тілсіз жаудан құтқарды

Опубликовано:

өрт сөндірушілер
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Нұр-Сұлтандағы тұрғын үй кешендерінің бірінде он екінші қабатта орналасқан пәтер өртеніп, 14 жастағы бала аман қалды. Жасөспірімді тілсіз жаудан өрт сөндірушілер құтқарып қалған, деп хабарлайды Астана арнасы.

Телеарнаның мәліметінше, пәтерден өрт шыққан кезде 14 жастағы бала іште жалғыз қалған. Қызыл жалын жатын бөлмедегі жиһаздарды шарпыған.

Барлау барысында өрт сөндіруші көк түтін басқан пәтердің терезесінде тұрған баланы байқап қалып, бастығы екеуі оны аман-есен сыртқа алып шыққан. Қазір жеткіншек ауруханада.

"Көрген сәтте сұрадым, "жағдайың қалай? жақсы ма?" деп. Ол жауап бере алмады. Басын изеді. Сосын құтқару маскасын кигізіп, клапан арқылы ауаны көбірек беріп, қарауыл бастығы екеуіміз бірге оны таза ауаға алып шықтық", - дейді оқиғаны баяндаған №6 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімінің бөлімше командирі Жалғас Жауынбай.

А. Базарбай

Айта кетейік, бұған дейін Алматы облысында әскери қызметші өрт шыққан кафеден газ баллондарын алып шығып, жарылыстың алдын алғанын хабарлаған едік.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984065-paterdin-terezesinde-turgan-elordalyq-ort-sondirusiler-zasospirimdi-tilsiz-zaudan-qutqardy/

pixel