Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында ағыс алып кеткен баланы 80-ге жуық адам іздеп жатыр

Опубликовано:

ағыс
Көрнекі фото: pixabay.com

Алматы облысында абайсызда өзенге құлап, ағыс алып кеткен 11 жастағы баланы 80-ге жуық адам іздестіріп жатыр. Оқыс жағдай Қаскелең өзенінде болған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі өңірлік ТЖД баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Ведомствоның мәліметінше, 18 тамыз күні сағат 14.40-та құтқарушыларға Қарасай ауданына қарасты Қаскелең шатқалындағы Қаскелең өзеніне абайсызда 2011 жылы туған ұл бала құлап, оны ағыс алып кеткені жайлы хабарлама келіп түскен.

Жасөспірім сол маңда отбасымен демалып жүрген.

Оқиға орнына дереу аудандық төтенше жағдайлар бөлімінің және Қаскелең қаласының өрт сөндіру бөлімінің қызметкерлері (8 адам, екі техника), сонымен қатар Республикалық жедел-құтқару жасағының Алматыдағы жеке құрамы (8 адам, бір техника) жіберілген.

Жалпы іздестіру жұмыстарына шамамен 80 адам жұмылдырылған. Олардың арасында құтқарушылардан бөлек, полиция қызметкерлері, баланың жақындары, жергілікті тұрғындар және еріктілер бар.

"Қазіргі уақытта іздестіру жұмыстары жалғасып жатыр", - деп хабардар етті Алматы облысының төтенше жағдайлар департаментінен.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984078-almaty-oblysynda-agys-alyp-ketken-balany-80-saqty-adam-izdep-zatyr/

pixel