Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Таразда той кортежіне түтінмен "сән берген" жүргізуші айыппұл арқалады (видео)

Опубликовано:

түтіндеп жатқан көше
Видеодан кадр: instagram.com/zhambyl_police

Таразда той кортежіне түтінмен "сән берген" жүргізушіге айыппұл салынды. Жол ережесін бұзғандар оқиға орнында ұсталды, деп хабарлайды Жамбыл облысының полиция департаменті Instagram парақшасында.

Ведомствоның мәліметінше, Тараз қаласының полицейлері әкімшілік аумақты патрульдеу кезінде қала көшелерінің бірінен көліктің қатты дауысы мен түтін шығып жатқанын байқаған.

Оқиға орнына жедел түрде жеткен полиция қызметкерлері жол жүру ережесін біле тұра бұзып жатқан бір топ жас жігітті көрген.

Көлік иесінің айтуынша, олар қыдыруға шыққан той кортежіне сән беріп, қонақтардың көңіл-күйін көтергісі келген.

"Аталған автокөлік иесі ҚР ӘҚБтК-нің 630-бабы 1тармағы (жол жабындысын ластау) және ҚР ӘҚБтК-нің 593-бабы 2 тармағы (қауіпсіздік белгідін тақпау) бойынша әкімшілік жауапкершілікке тартылды", - делінген ведомство хабарламасында.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984090-tarazda-toi-kortezine-tutinmen-san-bergen-zurgizusi-aiyppul-arqalady-video/

pixel