Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Павлодарда енесі келінінің үстінен полицияға арыз жазды

Опубликовано:

Кісен салу
Көрнекі фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Павлодардың 49 жастағы тұрғыны келеңсіз жағдайдан кейін полицияға арыз жазды. Ол келіні өз шотынан рұқсатсыз ақша шешіп алғанын айтты, деп хабарлайды Polisia.kz.

Павлодар облыстық ПД баспасөз қызметі құқыққорғаушыларға 49 жастағы келіншектің жүгінгенін хабарлады.

Әйел келіні өз банк картасын рұқсатсыз алып, жасырын түрде 139 мың теңге шешіп алғанын айтқан. Ал күдіктінің сөзінше, ақша оның жеке қажеттілігіне керек болған.

Қазір 30 жастағы әйелге қатысты Қылмыстық кодекстің 188-бабы (Ұрлық) бойынша сотқа дейінгі тергеу жұмыстары жүріп жатыр.

Айта кетейік, павлодарлық полицейлер осыған дейін де өзгеше арыздар туралы хабарлаған болатын. Мәселен, біршама уақыт бұрын тәртіп сақшыларына ер адам жүгініп, жалақысын тартып алған әйеліне қатысты шара қолдануды сұраған еді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984117-pavlodarda-enesi-kelininin-ustinen-policiyaga-aryz-zazdy/

pixel