Алматыда 23 жастағы жігіт мешітте ұрлық жасады деген күдікке ілінді
Жарияланған күні:
Алматыда 23 жастағы жігіт мешітте ұрлық жасады деген күдікке ілінді, деп хабарлайды Polisia.kz.
Басылым дерегінше, ол мешітке келіп, ұйықтап жатқан адамды көріп, үн-түнсіз қалтасынан құнды дүниенің бәрін суырып алған. Күдікті осыған дейін де ұқсас қылмыс жасағаны үшін істі болған.
"Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің кезекші бөліміне мешіт аумағында ұялы телефон ұрланғаны туралы арыз түсті. Күдікті сол күні ұсталды.
Аталған дерек бойынша Қылмыстық кодекстің 188-бабы 1-бөлігіне сәйкес қылмыстық іс қозғалды", – дейді Медеу аудандық ПБ-ға қарасты полиция бөлімінің бастығы Еділхан Байғараев.
Полиция қызметкерлері бұдан да көп эпизодтар болуы мүмкін екеніне сенімді. Сондықтан тәртіп сақшылары бұл ер адамның әрекетінен зардап шеккендердің барлығын мына телефон нөмірлері арқылы хабарласуға шақырады: 254-48-72.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984119-almatyda-23-zastagy-zigit-mesitte-urlyq-zasady-degen-kudikke-ilindi/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.