Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

СІМ: Ресейде жол апатынан қаза болғандар арасында Қазақстан азаматтары жоқ

Опубликовано:

Ульяновтағы 16 адам қаза тапқан жол апаты
Оқиға орны. Видеодан кадр: t.me/chpulsk

Ресейде, Ульянов облысында 16 адам қаза тапқан жол апаты болды. Бірқатар ресейлік БАҚ қаза тапқандар Қазақстан азаматтары деп хабарлады. Алайда еліміздің Сыртқы істер министрлігі бұл ақпаратты жоққа шығарды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

РИА Новости агенттігінің хабарлауынша, 21 тамызда Ульянов облысындағы тасжолда адам өлімімен аяқталған ірі жол апаты болды.

Онда жекеменшік шағын автобус екі жүк көлігімен соқтығысқан. Шағын автобуста 18 жолаушы болған. Агенттіктің мәліметінше, олардың дені қайтыс болған және барлығы Қазақстан азаматтары болуы мүмкін делінген ақпарат тараған.

Алайда Қазақстанның Сыртқы істер министрлігі NUR.KZ тілшісіне қаза тапқандар Қазақстан азаматтары деген ақпаратты жоққа шығарды.

"Ульяновск облысының ТЖМ штабының алдын ала мәліметтері бойынша Ульяновск облысында жол апатынан қаза тапқандар мен зардап шеккендердің арасында Қазақстан Республикасының азаматтары жоқ", – деп мәлімдеді еліміздің сыртқы ведомствосы.

Mash Telegram арнасының хабарлауынша, жол апатынан барлығы 16 адам, яғни шағын автобустың 15 жолаушысы және бір жүк көлігінің жүргізушісі қайтыс болған.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984165-sim-reseide-zol-apatynan-qaza-bolgandar-arasynda-qazaqstan-azamattary-zoq/

pixel