Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Солтүстікте күн жылынады: синоптиктер алдағы үш күнде Қазақстанда ауа райы қандай болатынын болжады

Опубликовано:

күнбағыс
Көрнекі фото: pixabay.com

"Қазгидромет" РМК 23-25 тамызға арналған ауа райы болжамын ұсынды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Синоптиктердің болжамынша, алдағы тәуліктерде еліміздің солтүстік аймағында температура жоғарылап, күн жылына бастайды.

Дегенмен республиканың солтүстігінде, шығысында және оңтүстік-шығысында күн күркіреп, жел күшейеді. Сондай-ақ солтүстікте, шығыста және орталықта түнгі уақытта топырақ бетінде 2°С үсік жүріп, күн тұманды болуы ықтимал.

Одан бөлек алдағы күндері:

  • батыста күндіз +30+35°С;
  • солтүстік-батыста +23+33°С;
  • солтүстікте +17+25-тен +23+30°С-қа дейін;
  • орталықта +15+22-ден +20+31°С-қа дейін;
  • шығыста +13+21-ден +20 +28°С-қа дейін;
  • оңтүстікте +27+32°С;
  • оңтүстік-шығыста +20+28°С-қа дейін күн жылы болады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984217-soltustikte-kun-zylynady-sinoptikter-aldagy-us-kunde-qazaqstanda-aua-raiy-qandai-bolatynyn-bolzady/

pixel