Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда бензин мен дизель отынына сараланған баға белгіленді

Опубликовано:

Жанармай бекеті
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Бүгін, 22 тамызда бензин мен дизель отынының бөлшек саудадағы шекті бағасын белгілеу туралы Энергетика министрлігінің бұйрығы күшіне енді деп хабарлайды, KAZ.NUR.KZ тілшісі министрліктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Бұйрыққа сәйкес, бензиннің келесі маркаларының бағасы бұрынғы деңгейде қалды:

  • АИ-80 – литріне 89 теңге,
  • Қостанай және Солтүстік Қазақстан облыстарында АИ-92 және АИ-93 – литріне 187 теңге,
  • Қазақстанның басқа аймақтарында - АИ-92 және АИ-93 – литріне 182 теңге,
  • дизель отыны – литріне 450 теңге.

Осы ретте дизель отынына лимит белгіленді:

  • Қазақстанда берілген жүргізуші куәлігін көрсету арқылы алуға болатын дизельдік отынның күнделікті лимиті 100 литрді құрайды. Қазіргі таңда отынның 1 литрі өңірлерге байланысты 230-260 теңге аралығында.
  • жүк көліктері, арнайы және мамандандырылған көліктер мен автобустар үшін бекітілген тәуліктік лимит 300 литрге тең. Аталған дизель көлемін жүргізушілер көлік құралының Қазақстанда тіркелгені туралы куәлікті көрсету арқылы ала алады. Бағасы - өңірлерге қарай 230-260 теңге аралығында.
  • ал қалған санаттағы тұлғаларға, сондай-ақ көрсетілген лимиттен жоғары болса, дизель отыны литріне 450 теңге.

"Энергетика министрлігі мүдделі тұлғалармен бірлесе отырып, жанар-жағармай құю станцияларында сатылатын дизель отынының тәуліктік көлемін одан әрі қадағалаудың ақпараттық жүйесін анықтауға қатысты мәселелерді пысықтауда", - деп толықтырды министрлік.

Ведомство жақын арада Энергетика министрлігінің жанармай құю станцияларымен бірлесіп, бұл жүйелердің ең ұтымдысын таңдау үшін сынақтан өткізетінін атап өткен.

Еске сала кетейік, бұған дейін премьер-министр Әлихан Смайылов жүргізушілердің дизель отынының тапшылығына қатысты шағымдарына байланысты Энергетика министрлігіне тапсырма берген болатын.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984234-qazaqstanda-benzin-men-dizel-otynyna-saralangan-baga-belgilendi/

pixel