Каспий құбыр концорциумының екі айлағы жұмысын тоқтатты
Жарияланған күні:
Каспий құбыр консорциумының өкілдері ҚБҚ-1 және ҚБҚ-2 (қашықтан байлау құрылғылары) уақытша істен шыққаны туралы баяндады. Бұл туралы КҚК-ның ресми сайты хабарлады, деп жазады KAZ.NUR.KZ тілшісі.
Консорциум өкілдері мәліметінше, 2022 жылдың тамыз айында сүңгуір бригадалары ҚБҚ-1 және ҚБҚ-2 жабдықтар кешеніне жоспарлы техникалық қызмет көрсету кезінде суасты қалқымалы цистерналарына бекіткен жерінен жарықтар тапқан. Мамандар Қара теңіз маңындағы халыққа, теңіздің флорасы мен фаунасына қауіп жоқ деп сендіреді.
"Су асты жабдығының зақымдалуына байланысты КҚК дереу ҚБҚ өндірушісі IMODCO және құрылғылардың қауіпсіз жұмысын бақылайтын ABS классификация қоғамына анықталған ақаулар бойынша ҚБҚ кешенін одан әрі пайдалану мүмкіндігі туралы кеңес алу үшін жүгінді", - делінген компания хабарламасында.
КҚК ҚБҚ жұмысын қалқымалы цистерналарды ауыстырғанға дейін тоқтатуды ұсынды.
Сондай-ақ, мамандар анықталған ақаудың неден болуы мүмкін екенін айтқан. ABS классификациялық қоғамы 2021-2022 жылдардағы қысқы кезеңде өте күрделі гидрометеорологиялық жағдайлар байқалғанын атап өтті. Бәлкім, соның кесірінен зақым пайда болған болуы мүмкін.
"Компания акционерлеріне қазіргі жағдай туралы 2022 жылғы 5 және 17 тамызда тиісінше 1 және 2 қалқымалы цистерналардағы ақаулар туралы хабардар етілді. КҚК Теңіз терминалындағы тиеу жұмыстары уақытша тек ҚБҚ-3 арқылы жүзеге асырылады. Қолданыстағы бір ҚБҚ қазіргі уақытта жүк жөнелтушілердің сұраныстарын қысқартылған көлемде орындауға мүмкіндік береді", - делінген хабарламада.
Компания КҚК Қара теңіздегі консорциумның Теңіз терминалының жабдығын пайдалану кезінде қоршаған ортаны қорғау және өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету және мұнай төгілуіне байланысты төтенше жағдайлардың туындауына жол бермеу мәселесінде ымырасыз ұстанымда екенін жеткізген.
Сондай-ақ, консорциум өкілдері анықталған жарықтар мұнайдың төгілуі немесе қандай да бір басқа апатқа әкеп соқпағанын, халыққа және қоршаған ортаға қауіп төндірмегенін атап өткен; . Сонымен қатар, компания осы жабдыққа қатысты аталған тәуекелдерді жою шараларын қабылдаған.
"КҚК тиісті техникалық тапсырманы әзірледі және резервуарларды ауыстыруға ниетті. Бұл операцияны орындау үшін ұйымда алдын ала біліктілік іріктеуі жүргізілуде", - деп хабарлады компания.
Еске сала кетсек, наурыз айының соңында дауыл салдарынан Қазақстанның мұнай экспортына қауіп төнген болатын. Қолайсыз ауа райы жағдайында ҚБҚ-3 қалқымалы шлангтерінің бірінен зақым анықталды. Жөндеу жұмыстары сәуір айында аяқталды.
Шілде айында Ресей соты ҚҚК жұмысын бір айға тоқтатқан болатын. Алайда көп ұзамай бұл үкімді жоғары интсанциядағы сот бұзған еді.
Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984257-kaspii-qubyr-koncorciumynyn-eki-ailagy-zumysyn-toqtatty/
Егер сіздің лақапатыңыз ережелердің талаптарына сәйкес келмесе, оны 4 қазанға дейін өзгертіңіз. Әйтпесе, ол автоматты түрде ауыстырылады.