Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

"Алматы ауруханасында дәрігер санитарды соққыға жықты": Денсаулық басқармасы пікір білдірді

Опубликовано:

Дәрігер
Көрнекі фото: piqsels.com

Әлеуметтік желіде Алматы қалалық №7 ауруханасының дәрігері 19 жастағы санитарды соққыға жыққаны туралы ақпарат пайда болды. Бұл оқиғаға қоғамдық денсаулық департаменті пікір білдірді, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Бұл оқиға жайлы ақпарат Instagram желісіндегі Talgarnews парақшасында пайда болды. Автордың сөзінше, қабылдау бөлімінің меңгерушісі 2003 жылы туған санитарды соққыға жыққан. Сондай-ақ автор жігіттің басында гематомалар бар екенін айтқан. Қазір ол денсаулығына байланысты демалыста көрінеді.

Алматы қалалық қоғамдық денсаулық департаменті NUR.KZ тілшісіне №7 қалалық клиникалық аурухананың пациенттерді қолдау және ішкі аудит қызметіне қабылдау бөлімінің қызметкерлері арасында жанжал туындағаны туралы хабарлама түскенін растады. Осыған орай мән-жайды анықтау үшін бөлімнің медицина қызметкерлерімен, оның ішінде бөлім басшысымен, санитарлармен әңгіме жүргізілген.

"Ішкі аудит қызметіне жұмыс күні бойы қабылдау бөліміндегі жұмыс барысын және ондағы жағдайды бақылауды тапсырылды", - деп хабарлады ведомстводан.

Сонымен қатар қалалық қоғамдық денсаулық басқармасы 22 тамызда қабылдау бөлімінің барлық қызметкерлерінің қатысуымен кадрлық кеңес өткізу жоспарланғанын хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, барлық мән-жай анықталғаннан кейін қажетті шаралар қабылданады.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984298-almaty-auruxanasynda-dariger-sanitardy-soqqyga-zyqty-densaulyq-basqarmasy-pikir-bildirdi/

pixel