Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Нұр-Сұлтан соты Astana LRT ісін қарау мерзімін белгіледі

Опубликовано:

Нұр-Сұлтандағы LRT
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Сәрсенбі күні Нұр-Сұлтанда Рашид Аманжоловқа және бұған дейін үкімнің күші жойылған басқа да тұлғаларға қатысты Astana LRT ісі бойынша тыңдау өтеді, деп хабарлайды Нұр-Сұлтан қалалық сотының баспасөз қызметіне сілтеме жасаған KAZ.NUR.KZ.

"Нұр-Сұлтан қаласының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында Р.М.Аманжоловқа және басқа да тұлғаларға қатысты қылмыстық іс өндіріске қабылданды", – делінген баспасөз қызметінің хабарламасында.

Аталған іс бойынша алдын ала тыңдау күні сәрсенбі, 24 тамыз, сағат 10.00-ге белгіленген.

Еске салайық, 2021 жылғы 28 мамырда Astana LRT қылмыстық ісі бойынша жеті адамға қатысты үкім шыққан еді. Алайда кейін сот шешімін өзгертіп, істі прокуратураға қайтарған болатын.

Сонымен қатар іс бойынша басты айыпталушылар – Талғат Ардан мен Қанат Сұлтанбеков әлі күнге дейін іздеуде жүр.

Соған қарамастан, 12 тамызда елорда прокуратурасы Нұр-Сұлтан қаласы әкімінің бұрынғы орынбасары Қанат Сұлтанбеков пен Astana LRT ЖШС басқарма төрағасы Талғат Арданға қатысты айыптау актілерін бекітті. Іс материалдары қайтадан сотқа жіберілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984321-nur-sultan-soty-astana-lrt-isin-qarau-merzimin-belgiledi/

pixel