Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

БҚО-да шенеунік 40 млн теңге пара алғаны үшін 15 жылға сотталуы мүмкін

Опубликовано:

Қылмыстық іс бойынша құжаттар
Фото: NUR.KZ/Владимир Третьяков

Батыс Қазақстан облысында Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкері сыбайлас жемқорлық ісі бойынша тергелді. Ол 40 миллион теңге көлемінде пара алды деген күдікке ілінген, деп хабарлайды "Хабар 24" арнасы.

Тергеу материалдарына сілтеме жасаған телеарна дерегінше, аудит бөлімінің бас маманы салықтық тексеру қорытындысы бойынша ақпаратты жасырғаны үшін сыйақы алған.

Енді шенеунікке пара сомасынан 70 есе көп мөлшерде, яғни 2,8 миллиард теңге көлемінде айыппұл салынуы мүмкін немесе оның мүлкі тәркіленіп, белгілі бір лауазымдарды атқару құқығынан өмір бойына айырылып, он бес жылға дейін бас бостандығынан айырылу түріндегі жазаға тартылуы ықтимал.

Іс сотқа жіберілді.

"Қылмыстық кодекстің 24 және 366-бабында көзделген қылмыстық құқық бұзушылықты жасады деген күдікпен БҚО бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті Аудит басқармасының аудит бөлімінің бас маманына қатысты айыптау актісі түзілді.

Қылмыстық іс мәні бойынша қарау үшін Батыс Қазақстан облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотына жіберілді", – деді БҚО прокурорының аға көмекшісі Әсел Берқалиева.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984341-bqo-da-seneunik-40-mln-tenge-para-algany-usin-15-zylga-sottaluy-mumkin/

pixel