Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды

Опубликовано:

Кортеж ұйымдастырғандар жауапқа тартылды
Видеодан кадр: Polisia.kz

Алматы облысында кортеж ұйымдастырып, жол ережесін бұзғандар жауапқа тартылды, деп хабарлайды Polisia.kz.

Әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізу барысында тәртіп сақшылар жол қозғалысы ережелерін өрескел бұзу дерегін анықтаған.

Іздестіру шараларын жүргізгеннен кейін құқық қорғау органдары жүргізушілердің жеке басын анықтап, оларды әкімшілік жауапкершілікке тартты. Тексеру барысында ауыл жастары екі Lexus GS 300 бен үш Toyota Camry көлігін жалға алғаны белгілі болды. Олар жалға алынған көліктермен достарының үйлену тойы күні Междуреченск-Чапаево тас жолында кортеж ұйымдастырған.

Барлық жүргізушіге қатысты ӘҚБтК-нің 593-бабы 1-бөлігі "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау жөніндегі талаптарды сақтамау" және ӘҚБтК-нің 601-бабы1-бөлігі "Жол белгілерімен немесе жолдың жүру бөлігіндегі таңбалармен ұйғарылған талаптарды сақтамау" бойынша әкімшілік хаттамалар толтырылды. Кортеждің барлық қатысушысымен алдағы уақытта осындай құқық бұзушылыққа жол бермеу бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984347-almaty-oblysynda-kortez-uiymdastyryp-zol-erezesin-buzgandar-zauapqa-tartyldy/

pixel