Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Ұлытау облысында киік атумен айналысып келген қылмыстық топ құрықталды

Опубликовано:

Тінту кезінде табылған киіктің мүйіздері
Скриншот: КТК телеарнасы

Ұлытау облысында киік атумен жүйелі түрде айналысқан қылмыстық топ құрықталды. Күдіктілер атылған жануарлардың мүйізін сатуды жолға қойыпты. Тінту барысында олардан "Қызыл кітаптағы" аңның 732 мүйізі табылды, деп хабарлайды КТК арнасы.

Телеарна дерегінше, қылмыстық топтың мүшелері кезекті саудаға шығып бара жатқан жерінен ұсталған. Бұлар дайындаған 732 мүйіздің салмағы 150 келіден асады. Демек олар 366 жануардың көзін құртқан.

Ұсталғандардың айтуынша, елдің оңтүстік өңірінен келетін алыпсатарлар құнды тауардың бір келісін 100 мың теңгеден алады екен. Ары қарай Қытайға 3 мың доллардан 5 мың долларға дейінгі бағамен жөнелтетін көрінеді.

Топтың үш мүшесі ғана құрықталды. Қалған үшеуі қарасын батырып үлгерген. Күдіктілер 3 жылдан 5 жылға дейін түрмеге қамалуы мүмкін.

"Полиция қызметкерлері алты рет тінту жүргізіп, қылмыстық топтың үш мүшесін ұстап, қалған үшеуіне іздеу жариялады. Күдіктілерден таразы, пышақ, тіркелмеген қару және автомототехника тәркіленіп алынды", – деді Қарағанды облысы ПД КПБ бастығының орынбасары Аслан Өскенбаев.

Дереккөз: КТК

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984350-ulytau-oblysynda-kiik-qyryp-kelgen-qylmystyq-top-quryqtaldy/

pixel