Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Энергетика министрлігі: Қазақстанда АИ-92 жанармайы мен дизель отынының қоры екі аптаға жетеді

Опубликовано:

Жанармай құю бекеті
Фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Премьер-министр Әлихан Смайылов үкімет отырысында елдегі жанар-жағармай тапшылығына жол бермеуді және бағаны қадағалайтын комиссия құруды тапсырды, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

Отырыста энергетика министрі Болат Ақшолақов мәлім еткендей, биылғы 22 тамыздағы жағдай бойынша, мұнай базаларындағы және транзиттегі АИ-92 жанармайының жалпы қоры 180 мың тоннаны құрайды, бұл 14 күндік қажеттілікті өтейді. Дизель отынының қоры 220,8 мың тонна, ол 13 күнге жетеді.

Қазақстанның мұнай өңдеу зауыттарындағы АИ-92 жанармайының қоры 71 мың тоннаны, дизельдік отын 53,4 мың тоннаны құрайды. Министр АИ-92 жанармайына қатысты жағдайдың тұрақты екенін, магистральдық жанар-жағармай құю стансаларының желілерінде ешқандай шектеулер жоқ екенін қосты.

Премьер-министр Әлихан Смайылов министрдің сөзінен кейін бағаны бақылау және жанар-жағармай тапшылығын болдырмау үшін вице-премьер Роман Склярдың басшылығымен тұрақты комиссия құруды тапсырды.

"Ұлттық экономика министрлігі Бәсекелестікті қорғау агенттігімен және әкімдіктермен бірлесе отырып, бағаның негізсіз көтерілуі жағдайында тиісті ден қою шараларының қабылдануын қамтамасыз етуі керек.

Сондай-ақ ИИДМ, "ҚазМұнайГаз" және "ҚТЖ" мұнай өнімдерін МӨЗ-ден уақытылы тиеп-жөнелтуді қамтамасыз ету жөнінде шаралар қабылдауы қажет.

Сонымен қатар Цифрлық даму және энергетика министрліктері дизель отынын жеткізудің тәуліктік лимиттерін бақылаудың ақпараттық жүйесін енгізуді жеделдетуі керек", – деді премьер-министр.

Министрлер кабинетінің басшысы Энергетика министрлігі мен әкімдіктерге шаруаларды жанар-жағармаймен қамтамасыз ету мәселесін тұрақты бақылауда ұстауды тапсырды.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984408-energetika-ministrligi-qazaqstanda-ai-92-zanarmaiy-men-dizel-otynynyn-qory-eki-aptaga-zetedi/

pixel