Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Алматы Спорт басқармасының экс-басшысы мен қызметкерлері қаржы жымқырды деген күдікке ілінді

Опубликовано:

конверттегі ақша
Көрнекі фото: NUR.KZ/Петр Карандашов

Алматы қалалық Спорт басқармасының лауазымды тұлғалары бюджет қаржысын жымқырды деген күдікке ілінді. Бұл туралы Сыбайлас жемқорлыққа қарсы агенттік Telegram-арнасында хабарлады.

Ведомствоның мәліметінше, Алматы қалалық Спорт басқармасының бұрынғы басшысы және оның қарамағындағы қызметкерлер ЖШС директорымен алдын ала сөз байласып, 369 миллион теңге сомасында бюджет қаражатын жымқырды деп күдіктелуде.

Агенттік қаржы жымқыру спорт жабдықтарын жалға алуға, мемлекеттік сатып алу шеңберінде сертификаттар мен кубоктар сатып алуға жалған шарттар ресімдеу және қаражатты ЖШС директоры туыстарының банктік шоттарына негізсіз аудару арқылы жүзеге асқанын атап өтті.

"Өзге ақпарат тергеу мүддесіне байланысты жария етуге жатпайды", - деп қосты ведомство.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984428-almatynyn-sport-basqarmasynyn-eks-bassysy-men-qyzmetkerleri-iri-kolemde-qarzy-zymqyrdy-degen-kudikke-ilindi/

pixel