Top.Mail.Ru

Сайт нұсқасы

ru kz

Зектілері

Қазақстанда ет қымбаттай ма: Ауыл шаруашылығы министрі пікір білдірді

Опубликовано:

Ет
Көрнекі фото: pixabay.com

Үкімет отырысынан кейін Ауыл шаруашылығы министрі Ербол Қарашөкеев биыл ет бағасы өсуі мүмкін бе, деген сауалға жауап берді. Былтыр ет 15 пайызға қымбаттаған, деп хабарлайды KAZ.NUR.KZ тілшісі.

"Ет бағасына келсек, қазір ет өндіру көлемі тұрақты, өсуде, экспортталуда. Мал басы да көбеюде. Етті шетелге экспорттау көлемі де артып келеді. Сондықтан жағдай тұрақты. Бағаның өсіп жатқанын байқасаңыз, мал шаруашылығында шығын көп, жанар-жағармайдан бастап барлық қажетті заттардың бағасы өсіп жатқанын көруге болады. Осыған байланысты ет бағасы да біраз көтерілуі мүмкін. (. ..) Алайда бағаның қатты көтерілуіне, еттің қымбаттауына негіз жоқ", - дейді министр.

Ербол Қарашөкеев бағаны болжауда бірнеше фактор ескерілетінін атап өтті. Министрдің сөзінше, оған мал басы өсімінің тұрақтылығы мен саланы қаржыландырудың әсері бар.

Айта кетейік, бұған дейін еліміздегі инфляцияның сары май бағасына да әсер еткенін хабарлаған болатынбыз.

Мақаланың түпнұсқасы: https://kaz.nur.kz/society/1984442-qazaqstanda-et-qymbattai-ma-auyl-saruasylygy-ministri-pikir-bildirdi/

pixel